ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының ұлттық антологиясы атты республикалық жинақ кітабына мектебіміздің төл тарихы ұсынылды.
"Мектеп тарихы"
Ø Мектебіміздің іргетасы алғаш рет 1975 жылы 4 жылдық мектеп болып қаланған.
Ø Мектептің алғашқы директоры болып Сүлеев Икрам Сүлейұлы тағайындалды.
Ø 1978 жылы мектебімізге Н.В.Гоголь аты беріліп оқушылар 8 жылдық білім алды.
Ø 1981 жылдан бастап мектеп негізгі орта білім беретін 9 жылдық білім ошағына айналды.
Ø 1992 жылы қыркүйек айында сыйымдылығы 200 оқушыға ыңғайластырылған жаңа мектеп ғимараты салынып, мектеп атауы Тұрар Рысқұлов атындағы негізгі орта мектебі болып өзгертілді.
Ø 2000 жылы Мақтаарал ауданының әкімшілік территориялық жағынан бірігуіне байланысты мектеп атауы №110 «Нұрлы жол» жалпы орта мектебі болып өзгертіліп, оқушылар 11 жылдық білім ала бастады.
Ø 2018-2019 оқу жылынан бастап іріленген Мақтаарал ауданы әкімшілік территориялық жағынан қайтадан бөлініп аудандағы 56 мектептің ішінен №21 орынға жайғасты.
Ø 2021-2022 оқу жылының мәліметі бойынша мектебімізде 176 оқушы білім алып, жалпы 38 ұстаздар қауымы қызмет атқаруда.
Ø Қазіргі таңда білім алып жатқан шәкірттеріміз бен оқытушы ұстаздарымыздың аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктері ұшан теңіз.
Ø Мектебіміздің іргетасы қаланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде сапалы білім алып бітірген түлектеріміз еліміздің барлық аймағында абыроймен қызмет атқаруда.
Ø 2021 жылы 28 мамыр күні Тәңірбергенов Ержан Амангелдіұлы мектеп директорының лауазымдық қызметіне тағайындалды.