22
September
2023
Менің Отаным - менің отбасым
"№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебінде" 2023 жылдың 22 қыркүйек күні 8 сынып жетекшісі А.Лесбай "Менің Отаным - менің отбасым" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларын ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды.
Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу,
ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе
жинақтайды және оны меңгереді.