16
May
2016
nurlyzhol-maktaaral.mektebi.kz
Мақтарал ауданы
Жаңажол ауылдық округінде орналасқан
«Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің тарихы
Жаңажол ауылдық округінде орналасқан
«Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің тарихы
Дүние жүзінде қандай мемлекет болсын, қандай ұлт болсын олардың өзіндік тарихы бар. Сол секілді мектебіміздің тарихы 1975 жылынан бастап бастау алды.
«Нұрлы жол» жалпы орта мектебі Мақтарал ауданы Жаңажол ауыл округіне қарасты қазіргі Нұрлыжол ауылында (бұрынғы Целинный) 1975 жылы 3 жылдық бастауыш мектеп болып ашылды.
Мектептің алғашқы меңгеруші қызметін Сүлеев Икрам атқарып, мектепте алғашында 10 оқушы қабылданып, білім алды. Ал 1976 жылы оқушы саны 15 болып, 1977 жылы 25 оқушыға жетті.
Мектепке 1978 жылы Н.В. Гоголь аты беріліп, оқушылар 8 жылдық білім алды. Мектеп директоры болып тағайындалған Еркінов Әсілім мектептің көркеюі мен оқушылардың сапалы білім алуына үлкен көңіл бөліп өз жұмысын абыроймен атқара білді.
1981 жылдан бастап мектеп негізгі орта білім беретін 9 жылдық мектеп болып, мектеп директоры қызметіне М.Сырлыбеков тағайындалды, Шаменов Қайнар директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін атқара отырып, ауыл мектебінің көркеюіне теңдессіз үлес қосты.
1981-1984 жылдар аралығында мектептегі оқушылар саны 140 оқушыға көбейіп, 12 мұғалім жас буынға білім беруде үздіксіз еңбек етті. Атапайтқанда өзінің үлгілі өнегесімен жемісті еңбегімен Сапаркүл Сырлыбекова, Айжан Әзімбаева, Бақтыгүл Әшірханова, Гүлжан Қамбарбекова, Мейрам Еркинова, Баян Бекмырзаевалар т.б. шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие берді.
1984-1986 жылдары мектеп директоры қызметін Н.Бектұрсынов атқарып, 1986 жылы мектеп директоры қызметіне Қыдырбаев Өсербек Қайырбекұлы тағайындалды. 01.09.1992 жылы сыйымдылығы200 оқушы орынға арналған жаңадан ыңғайластырылғанмектепғимараты салынып, қолданысқа берілген. Орналасқан жері: ОҚО, Мақтарал ауданы, Нұрлы жол ауылы, Үлгілі
the outside н/з.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы мектеп атауы Тұрар Рысқұлов болып өзгертілді. Сол кездері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Көшкенбаев Тастемір атқарды. Schoolchildren үлгілі өнеге болған ұстазымыз Әмзеева Базаркүл Сәдуқызының да еңбегі орасан зор болды.
2000 жылдан бастап мектеп атауы №110 «Нұрлы жол» орта мектебі болып өзгертілді.
Мектепке тұрақты жер пайдалану құқығын беретін жер учаскесінің кадастерлік №19-288-226-784 тіркеу № 017-6488 мемлекеттік акт алынған, жер учаскесінің алаңы 1,83308 га.
Мектеп жайының жалпы алаңы 3318 шм. Жалпы пайдалану 876,7 шм. Мектепке 2013 жылы 11 наурызда Мақтарал аудандық білім бөлімінің мерзімі шектеусіз №13003873мемлекеттік лицензиясы берілген. Мектеп Заңды тұлға ретінде 2013 жылы 07ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы Мақтарал ауданы Әділет басқармасының Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №510-1958-10-ММ қайта тіркеу куәлігі бизнес-сәйкестендіру
№000840002788 куәлігін алып, Қазақстан Республикасы Заңдарының шегінде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтерді жүзеге асыруға құқық берілді.«Мақтарал ауданы білім бөлімінің «Нұрлы жол» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып тіркеуден өткен. 2001 жылдың 4сәуірінен салық төлеуші ретінде тіркеу №581000007725 он екі разрядтты нөмірлі куәлігін алған.
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің, ҚҰЖК мемлекеттік сыныптаушы бойынша коды 39321909.
2010 жылы 18наурызда статистикалық картасы және Мақтарал ауданы әкімдігінің 19.02.2010 жылғы №176 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемесінің жарғысы бар.
Мектепте Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің 18.09.2013 ж. медициналық қызметпен айналысуға берген медициналық және дәрігерлік қызметке арналған серия №0012077DX мемлекеттік лицензия және оның №4131 қосымшасы бар медициналық бөлмедегі бар заттардың тізімі жалғасады. Перспективалық мәзір мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысымен келісілген, мектеп басшысының мөрімен бекітілген.
2010 жылы 3 ақпанда мектеп директорыҚыдырбаев Өсербек Қайырбекұлы Мырзакент кентінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының негізінде жаңадан салынған №120 жалпы орта мектебіне ауысты. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарғанДжулдибеков Абдурахман Аширбекович2010 жылдың 04 ақпанынан бастап мектеп директоры қызметіне тағайындалды.
Қазіргі таңда мектеп директоры А.Джулдибеков мектептің жандануына өз үлесін қосып жүрген азамат. Мектеп ауласының көгалдануына, UNT-де жоғары нәтижеге жетуде қыруар еңбек етіп келуде. 2014-2015 оқу жылының мәліметі бойынша мектепте 159 оқушы білім алады. 26 мұғалім мен 10 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Дириектордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі лауазымдық міндеттерін М.Мейрманова мен Ұ.Қадырбаев атқарып келеді. Еңбек жолын шәкірт тәрбиелеуден бастаған, осы аталған мектептепте 30 жылға жуық педагогикалық өтілі бар мұғалімдерімізде баршылық. Атап айтатын болсақ, метематика пәні мұғалімі Ешанқұлова Салқынай, Сулейменкулова Тасбике, технология, сызу пәнінің мұғалімі Сафарханова Тамара және бастауыш сынып мұғалімі Сабирова Гүлсара атты ұстаздарымыздың еңбегі орасан зор.