"Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" он күндік
"№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебінде" 5-15 қыркүйек аралығында "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" тақырыбында ұйымдастырылған онкүндікте қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын,сопылық поэзияның негізін салушы,күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл,діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай шет тілдер бірлестігі арнайы челлендж жасады.
Түркі халықтары әдебиетіндегі есімі ең жиі ауызға ілігетін, ең көп зерттеу нысанына айналдырылған шығармашылық иесі – Қожа Ахмет Яссауи. Бұлай деп сеніммен айтуымыздың тарихи-танымдық негізі бар: Яссауи түркілер тарихындағы көрнекті ақындардың бірі ғана емес, ол – түркі сопылық тариқатын қалыптастырушы, әрі түркі сопылық поэзиясының негізін салушы.




