Семинар: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
"№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 14 сәуір күні "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" тақырыбында болып өткен семинарда физика пәні мұғалімі А.Бекжанова мен биология пәні мұғалімі Н.Алимбеков 8 сыныпқа "Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу. Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру" тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: жарықтың сыну заңын тұжырымдау; жарықтың сыну заңының формуласын түрлендіріп, сапалы есептер шығару; ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін, ерекшеліктерін сипаттайды; ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің құрылысындағы ерекшеліктерді салыстырады.



