ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА » "Нұрлы жол" ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Нұрлы жол жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
20
ноябрь
2023

ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
Мектеп директоры Танирбергенов Е. олимпиаданың басталуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі және олимпиаданы өткізу тәртібімен таныстырып өтті. 
Олимпиада тәртібі бойынша, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: 
бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы; 
екінші (іріктеу) – желтоқсан айы; 
үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
І кезең онлайн-платформада өтеді. Қорытынды бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың 35%-ы ІІ кезеңіне қатысады.
ІІ кезеңнің тапсырмалары дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда шығарылады.
III кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
Жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпысанының 45% құрайды және ҚР Оқу-ағарту министрінің дипломдарымен марапатталады.
I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.


Похожие публикации:

27 сентябрь 2023 Өзін-өзі басқару
15 февраль 2017 ҰБТ 2017
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив