18
сентябрь
2023
Ыстық тамақ
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты "№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекмемесінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2023-2024 оқу жылында бастауыш сыныптың 70 оқушы түгел 1 реттік тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мектеп әкімшілігі және әлеуметтік педагог Ф.Пошынова тарапынан оқушылардың толық қамтылуын, мектеп мейірбикесі Д.Сапарова буфетте санитарлық талаптардың сақталуы және тамақ сапасын қадағаланып отырады. Мектебімізде оқушылардың тамақтануына барлық жағдай жасалынған. Мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған, буфетке тамаққа алып бару кестесі түзілген.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес оқушыларымыздың сапалы тамақтануы басты мақсатымыз.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес оқушыларымыздың сапалы тамақтануы басты мақсатымыз.