18
апрель
2023
Семинар: "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану"
"№21 Нұрлы жол жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 14 сәуір күні "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" тақырыбында болып өткен семинарда математика пәні мұғалімі А.Тәжібай 5 сыныпқа "Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: білім алушылар пайыз анықтамасымен танысады; берілген сан бойынша пайызын табуды біледі; берілген санның пайызын табуға есеп шығаруды сипаттап бере алады.


